• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан технологиялық кластерді дамыту үшін  британ тәжірибесін зерттеуде 15.12.2014

​Сапардың негізгі мақсаты «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатына сәйкес, Қазақстанда IT технологиялары мен инновацияларды дамыту үшін британ тәжірибесін зерттеу және оны келешекте Қазақстандағы технологиялық кластерледің енгізілуінде пайдалану болып табылады.

Лондонның орталығы мен шығысының шекарасында орналасқан TechCity Сан Франциско және Нью-Йорктен кейін әлемнің ірі технологиялық кластері болып саналады. Оның құрылуында Cisco, Facebook, Google, Intel және McKinsey & Company шешуші роль атқарғанын атап өткен жөн.

​TechCity-дің бас атқарушы директоры Жерар Грек кластердің құрылу тарихы, бар техникалық экожүйенің жұмысы, сонымен қатар британ және американдық модельдердің негізгі айырмашылықтары жөнінде ақпарат берді.

​«Lastminute.com»-ның негізін қалаушы Алекс Хоуи кластердің барлық техникалық компаниялары орналасқан «The Runway» орталығын көрсетті.

​Кластер аймағында жетекші білім беру институттары, атап айтқанда Imperial Innovations, Loughborough University және University College London бар.

​Орталықта, сонымен қатар қаржы және кәсіби қызмет көрсететін Barclays, KPMG, McKinsey & Company, Silicon Valley Bank, Capco, Taylor Wessing компаниялары орналасқан.

​Соңғы жылдары Британияның сандық индустриясы ел экономикасының қарқынды дамушы салаларының қатарында. Аталмыш сектордың Британия ЖІӨ-дегі үлесі 5 пайызды немесе 72 млрд. фунтты құрайды.


Back to the list