• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен ЭЫДҰ-ның Даму орталығы ҚР-да  кешенді елдік шолу жүргізу шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуда 12.12.2014

ЭЫДҰ Даму орталығының Кешенді елдік шолу басқармасы басшысы Ян Рейландер бастаған делегациясы екі және көп жақты кездесулер арқылы Қазақстан Республикасына кешенді елдік шолуды бастау мақсатында 2014 жылғы 8 және 12 желтоқсан аралығында Астана қаласында ЭЫДҰ Даму орталығы Кешенді елдік шолуды ЭЫДҰ тәжірибесін дамушы экономикалардың нақты жағдайларына арнайы қолданатын жаңа құрал ретінде әзірлеуде. Шолу нақты ұсыныстар мен реттілік реформалар көмегімен саясат пен стратегия әзірлеуге арналған.

Ян Рейландердің айтуы бойынша  «бірінші фаза дамуды тежейтін негізгі тосқауылдар мен оларды жеке анықтайтын факторды айқындау мақсатында жүзеге асырылатын елдің ағымдағы жағдайын талдауға негізделген. Екінші фаза тұжырымдалған міндеттерді шешу бойынша ұсыныстар егдей-тегжейлі жасалатын  негізгі фаза ретінде анықталған. Шолудың соңғы кезеңі Үкіметтің стратегияларды әзірлеу мен ұсыныстарды жүзеге асыру аймағындағы жігерін қолдауға арналған».  

ЭЫДҰ-ның Кешенді елдік шолуы қазіргі таңда Мьянмеде, Филлипыныда, Урургвай және Кот-д'Ивуарда жүргізілуде.

 ЭЫДҰ даму орталығының делегациясы сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, зерттеу институттарының, қаржы саласының және бизнес қоғамдастықтың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. ЭЫДҰ сарапшыларын қызықтырған негізгі мәселелер экономика салаларына, мемлекеттік бюджетке, инвестицияларға, статистикалық деректерге, демографияға және еңбек нарығына, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылыққа және инфрақұрылымға, қоршаған орта шарттарына және денсаулық жағдайына, білім беруге, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік байланысқа, көші-қонға байланысты мәселелер болды.

Одан басқа, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ негізінде «Қазақстан: көзқарас және тәуекелдер» бір күндік интерактивті семинары өтті, оның мақсаты экономика өсуін тежейтін факторларды анықтау және оларды жою бойынша кеңестер алу болып табылады, олар ЭЫДҰ-ның қорытынды есебінде көрініс табатын болады. Семинарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдарының, сондай-ақ зерттеу институттарының, ұқаржы секторының және бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Соңғы бірнеше жылда Қазақстан ЭЫДҰ-мен өз байланысын нығайтты: Инвестициялық комитет, Ауыл шаруашылығы жөніндегі комитет және Өнеркәсіп, инновация және кәсіпкерлік жөніндегі комитет сияқты ЭЫДҰ-ның комитеттерімен және органдарымен ынтымақтастықты кеңейтті; Қазақстан ЭЫДҰ-ның Бәсекеге қабілеттіліктің еуразиялық бағдарламасына белсенді қатысады, атап айтқанда Бәсекеге қабілеттіліктің еуразиялық бағдарламасының Орталық-Азиялық бастамасының тең төрағасы ретінде, және Бастыс Еуропа және Орталық Азия үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша торап, халықаралық іскерлік операцияларды өткізу кезінде парақорлықпен күрес бойынша ЭЫДҰ жұмыс тобының өңірлік бағдарламасы сияқты басқада бағдарламаларда.

Осылайша, Қазақстан елдік реформаларды қолдау құралы ретінде ынтымақтастықты пайдаланып ЭЫДҰ-мен өзара ықпалдастықты күшейтуге қызығушылық танытып отыр.


Back to the list