• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Вашингтонда «Қауіпсіз болашақ жолында бірлесе жұмыс істеу» тақырыбында  Қазақстан-Америка конвенциясы өтті 11.12.2014

СІМ хабарлауынша, ауқымды шараға ведомство мен министрліктердің жетекшілері, Конгресстің 30-дан астам мүшесі, алдыңғы қатарлы американдық компания президенттері, сараптамалық орталық пен БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның ашылуында сөз алған Е.Ыдырысов Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдылықтарына тоқталып, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі елдер басшылығының бірлесе жұмыс істеуі керектігін айтты. Конвенция қатысушыларының назары елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ҚР үкіметінің қабылдап жатқан шараларына ауды. Соның ішінде жаһандық экономикалық толқыныстар кезіндегі Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуына жол ашатын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына ерекше көңіл аударылды.  

«Конвенцияға американдық конгресмендер, қос партия өкілдері қатысты. Олар 90 жылдардағы егемен елдің қалыптасуына байланысты қалыптасқан керітартпа көзқарастарға қарамастан Қазақстанның 23 жылдық тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне таңдай қақты. Олардың айтуынша, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың көреген саясаты мен стратегиялық шешімдерінің арқасында өзін өзі қамтамасыз ете алатын және жедел қарқынмен дамушы елге айналды. Олар ҚР мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға баса назар аудара отырып Қазақстан экономикасына инвестиция құю қажеттілігі туралы айтты», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, шараның басты спикерлерінің бірі ретінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы М. Олбрайт сөз алып, Қазақстанның сыртқы саясаттағы қызметіне жоғары баға бере келіп, тәуелсіздікті нығайу жолындағы Қазақстанның жетістіктеріне тілге тиек етті. Саясаткердің айтуынша, Қазақстан Орта Азияның тұрақты дамуында өңірде айтарлық рөлге ие мемлекет.

Сонымен қатар, шарада сөз сөйлеген Мемлекеттік хатшы орынбасары Ричард Хоугланд Қазақстанмен арадағы екіжақты қатынастардың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын айтып, елді өңірдің басты стратегиялық әріптесі ретінде бағалады.

Экономикалық сессияда ҚР экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Катрин Новелли экономикалық өсім, энергетика мен қоршаған ортаға қатысты мәселелер туралы ойларын ортаға салды. Пікірсайысқа қатысушылар ҚР-ның ДСҰ-на енуі мен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуіндегі сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты. 


Back to the list