• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР мен АҚШ-тың стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге шығуда - СІМ 11.12.2014

«Жақында ғана журналистер алдында сөз сөйлеген Дж. Керри Қазақстанды Тәуелсіздіктің  23 жылдығымен құттықтап, екіжақты серіктестіктің кең ауқымды жиынтығын тілге тиек ете отырып «Құрама Штат пен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынас аймақтағы ең маңыздысы және Қазақстанның  тікелей көшбасшылығына алғыс білдіреміз», деп атап өтті», - делінген хабарламада.

Келіссөздер аясында АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанның тұрақты сыртқы саясаты мен стратегиялық  серіктестікті нығайтатын қарым-қатынасына жоғары баға берді. Ол Қазақстанға ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қолдау көрсететінін жеткізді.

АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) қолдау көрсететінін тағы бір ескертті. Жалпы, тараптар кездесу барысында дүниежүзінің күн тәртібіндегі басты мәселелерді көтерді.

Бұдан басқа, ҚР СІМ Ерлан Ыдырысов АҚШ-қа іс сапары аясында өзгеде лауазымды тұрғалармен кездесіп бірқатар келелі мәселелердің бетін ашты. Атап айтар болсақ, ведомство басшысы Ақ үйде АҚШ Президентінің Кеңесшісі Сюзан Райспен, Президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша Кеңесшісі Тони Блинкенмен, сауда және энергетика министрлерінің орынбасарлары Б. Эндрюс және  Э. Шервуд-Рандалмен кездесті.

Дәл сол күні Е. Ыдырысов америкалық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарына бірқатар сұхбаттар берді. Онда Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының өзара қарым-қатынасы мен негізгі халықаралық  проблемаларға, оның ішінде Украинаға көзқарасы талқыланды. 


Back to the list