• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Челябі кәсіпкерлері ынтымақтастық мақсатымен СҚО-ға келді 11.12.2014

Жалпы делегация құрамына 8 кәсіпорын енген, олар жол құрылыс  техникасын, құрылыс материалдарды, металл өнімдерін өндіру, жылу изоляциясы мен сервистік қызмет көрсету салаларының өкілдері.

«Мұндай кездесулерді өткізу кәсіпкерлердің өзара байланыс орнатуға мүдделі екенін айқындайды. Ол өз кезегінде тауарды сату және кооперациялау мүмкіндіктерін қарастыру үшін керек. Ал, бізге келетін болсақ челябі кәсіпкерлерімен бірлесіп  инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Біз бүгінгі кездесу аясында бизнес субъектілері ортақ тіл тауып, бірлескен қызмет туралы сәйкесінше келісімге отырады деген сенімдеміз», - деп атап өтті СҚО КП директорының орынбасары Тұрар Ысқақов.

Айтар болсақ, бұл палатаның бастамасымен өткізіліп отырған бизнестің төртінші кездесуі. СҚО КП директорының орынбасары атап өткендей, алғашқы кездесу 2003 жылы солтүстік қазақстандық кәсіпкерлер келіссөзге Челябіге барған кезде өтті.

«Біздің делегациямыздың сіздердің аймақтарыңызға сапары өзара ынтамақтастығымызға тың серпін береді және бірлескен жаңа  жобаларды жүзеге асыруда үлкен қадам болады деген сенімдемін», - деп атап өтті  Челябі облысының экономикалық даму министрлігі аймақаралық және облысішілік ынтымақтастық бөлімінің бастығы Людмила Варонько.

Челябі облысы Ресейдің орталығы Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан. Челябі облысының өндірістік әлеуеті туралы солтүстік қазақстандық кәсіпкерлер кездесу барысында көрсетілген сегіз минуттық фильмнен білді.

Жалпы, Челябі облысын  Ресей Федерациясының болат жүрегі деп жайдан - жай атамайды. Облыс РФ-да өнеркәсіптік өндіріс бойынша көш басында тұр. Мұнда қара және түрлі түсті металлургия шоғырланған және өнеркәсіптік кешеннен басқа машина жасау, құрылыс материалдарының өндірісі жақсы дамыған. Оның үстіне аймақ пайдалы қазбаларға бай. Темір, мыс және алтын өндірісі мен қайта өңдеу белсенді дамып келеді.

Бұдан басқа, челябилік делегацияның өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралайды.


Back to the list