11.12.2014
"Дипломатиялық ноталармен алмасу Багамның бас қаласы Нассау қаласында осы жалдың 19-21 қараша аралығында Багам аралдарының сыртқы саяси, инвестициялық және туристік ведомстволарының басшыларымен кездесулерін өткізген ҚР Канададағы Елшісі К.Жигаловтың сапар қорытындылары бойынша орын алған", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
ҚР Канададағы Елшісі К.Жигаловтың Багам аралдарының Сыртқы істер және иммиграция министрі Ф.Митчелмен келіссөздер барысында тараптар халықаралық құқық үстемділігі, климат өзгеруі, тұрақты даму, энергетика, қауіпсіздік, ядролық қарусыздандыру, адам құқығы және діни толеранттылық салаларында, соның ішінде, БҰҰ және 2015 ж. қаңтарда төрағалығы Багамға өтетін КАРИКОМ шеңберінде екіжақты әріптестігін дамытуына қызығушылықтарын білдірген.