• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Стокгольмда Швеция-Қазақстан іскерлік кеңесінің тұсаукесері өтті - СІМ 10.12.2014

«Өз сөзінде Қазақстанның Швециядағы Елшісі Дастан Елеукенов 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні екенін атап өте, қатысушылардың назарына Президент Н.Назарбаевтың Қазақстанның стратегиялық даму мақсатын тұжырымдайтын және оларға жету бағытын белгілейтін Жолдауына көңіл аударуын сұрады. Ерекше назар Елбасының соңғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауына бөлінді, онда Қазақстанмен ынтымақтастық және келешекке бағыт беретін, әсіресе нақты салаларда жетекші орын алатын Швецияның кәсіпкерлері үшін мәселер айтылды. Қазақстандық дипломат швед серіктестіктерін Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды», - делінген хабарламада.

Іс-шарада Шығыс Европа және Орталық Азия департаментінің директоры С.Гуллгрен, Business Sweden агенттігінің аумақтық директоры М.Юханссон және Швеция-Қазақстан іскерлі кеңесінің бас директоры Я.Лундин сөз сөйлеп, екі ел арасындағы экономика, сауда және инвестиция, инновация және басқа салаларда ынтымақтастықты одан әрі ұлғайтуға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Шара соңынан кейінгі пікір алысу барысында қатысушылар арасындағы іскерлер тобы Швеция-Қазақстан іскерлі кеңесіне жоғары қызығушылық танытты.


Back to the list