• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Римде «Қазақстан – Еуразия орталығы» атты кітаптың тұсаукесері өтті 10.12.2014

Бұл іс-шараны Қазақстанның Италиядағы Елшілігі «Сандро Тети Эдиторе» баспа үйімен бірлесіп ұйымдастырды және ол Тұңғыш Президент Күні мерекесіне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің 23 жылдығына орайластырылды.

««Қазақстан – Еуразия орталығы» кітабының авторы итальяндық талдаушы және геосаясат саласындағы сарапшы Фабио Индео, ал кітапқа алғы сөзді есімі Италияға кеңінен танымал және Италияның ғылыми және сарапшылық ортасында беделді, Венециа Ка Фоскари университетінің тарих және мәдениет профессоры Альдо Ферари жазған. Кітап тарих, мәдениет, әдебиет, филологияға арналған кітаптарды шығаруға мамандандырылған Италияның ең ірі баспаларының бірі – «Сандро Тети Эдиторе» баспасынан шыққан», - делінген хабарламада.

«Саяси және экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі, оның нәтижелілігінің құпиясы әрқашан шетелдік зерттеушілердің үлкен қызығушылығын тудырып жүрген болатын. Осы тақырыпқа арналған көптеген жарияланымдар қатарынан енді «Қазақстан – Еуразия жүрегі» кітабы ойып тұрып орын алмақ. Дұрысында, бұл – Қазақстанның ең жаңа тарихының түйінді оқиғаларына бірегей мазмұндама. Автор бейнелі және түсінікті мәнерде қазіргі Қазақстан өмірінің әртүрлі жақтары – саясат және бизнес, дипломатия және білім беру, тарих және мәдениет туралы әңгімелейді», – деп басылымды ұсына отырыпҚазақстанның Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов атап өтті. 

Оның пікірінше, «енді Италияның саяси, шығармашылық, ғылыми ортасы мен жалпы жұртшылығы осы кітапты оқу арқылы қазақстандық ұлттың ежелгі тарихы және өткені мен қазіргікезі айтулы беттер туралы түсінік алуға жақсы мүмкіндік алды.

Осы кітаптың арқасында итальяндық оқырмандар қысқаша Қазақстанның даму жолы мен тенденциясын одан әрі ұғына түседі, Қазақстандағы реформалар мен даму процесін, Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрі түсіне алады, Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стилі мен харизмасын сезіне алады». Қазақстандық дипөкілдіктің басшысы кітапты Қазақстанның тәуелсіздігінің 23 жылдығына қажетті және уақтылы сыйлық» деп атады. 

Тұсаукесерге қатысқан кітап авторы Фабио Индео Қазақстан бүгінде экономикалық, саяси және энергетика тұрғысынан посткеңестік кеңістікте және Орталық Азия аймағында аса маңызды рөл атқаратынына баса назар аударды. Ол сондай-ақ өз жұмысында Қазақстан мен Италияның тығыз ынтымақтастығының рөлін ерекше бөліп көрсетуге тырысқанын да айтып өтті.  

Кітаптың тұсаукесеріне қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар, Рим университеттерінің профессорлары мен студенттер, итальяндық БАҚ-тардың және Италияның ірі кітап баспаларының өкілдері қатысты. Жалпы алғанда, іс-шараға қатысушылардың барлығы итальян тілінде шыққан Қазақстан туралы кітап – екі елдің арасын жақындастыра түсетін тағы бір нақтылы әрекет деген бірдей пікірде болды.

 


Back to the list