09.12.2014
Бірнеше күн бойы І дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов бастан әскери қызметшілер әскери-теңіз қызметі үшін кандидаттарды даярлау жүйесімен, олардың мансаптық өсуімен, америкалық теңізшілер мамандығы бойынша кәсіби тұрғыда қалыптасуымен танысты.
Штаб-старшина Айдаәулет Ордабаев: «Ньюпортта өткізген күндер мазмұнды болды. Біз танымдық тұрғыда да, тәжірибелік тұрғыда да көптеген жаңа әрі қызықты нәрселермен таныстық», - дейді. А. Ордабаев: «Біздің әскери-теңіз күштеріміз үшін америкалық әскери қызметшілердің старшиналар құрамының ролін нығайтудағы, білім беру және старшиналарды даярлау жүйесін жақсартудағы тәжірибесі пайдалы болар еді», - деп санайды.
«Біз сондай-ақ әскери-теңіз қызметі үшін кандидаттарды даярлаудың әскер қатарына шақыруға дейінгі бағдарламасына, әскери қызметшілердің дене даярлығына қойылатын талаптарға қызығушылық таныттық», - деген штаб-старшина «дене даярлығы нормативтері жылына екі рет бағаланады, оларға сай болмаған жағдайда әскери қызметшімен жасалған келісімшарт бұзылады», - деп түсіндірді.
Жалпы алғанда А. Ордабаев «біз көптеген, атап айтқанда, теңіз дәстүрлерін сақтау, теңізге, біздің туған үйіміз – кемеге деген сүйіспеншілік сияқты ортақ нәрселер таптық», - деп санайды.