• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Канадада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелі іс-шаралар өтті 08.12.2014

«Мерекелі іс-шараға 250 астам, соның ішінде, Канаданың үкімет мүшелері мен федералды парламентінің депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың басқарушы құрылым өкілдері, іскерлер, ғалымдар, тілшілер, Оттавада тіркелген шетел елшілері, сондай-ақ, Канаданың түрлі провинцияларыннан келген қазақстандық диаспора өкілдері мен студенттер қатысты», - делінген хабарламада.

Қабылдау кешінде қонақтар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол – кемел келешек кепілі» атты Жолдауымен, «1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты көрмесінде ұсынған Ел Басымыздың әдеби және саяси еңбектерімен таныса алды.

Қазақстанның Канадамен екіжақты қатынастарының жетістіктері мен әлеуеті белсенді талқыланды. Қабылдау кешіндегі сөзінде, ҚР Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі К.Жигалов атап өткендей, сауда, атомдық энергетика, ауыл шаруашылық және т.б. салаларындағы қазақстандық-канадалық ынтымақтастықтың сәттілігі өзара мүдделі салалардағы өзара әрекеттестікті әрі қарай тереңдету мен кеңейтуде елеулі әлеуеттің үлгісі болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздігінің 23-ші мерей тойымен құттықтау үшін Канаданың түпкір-түпкірінен Оттаваға келген Канаданың іскерлік шеңберлерінің өкілдері өзара тиімді әріптестіктің әрі қарай нығайтуға деген талпынысын білдірді. Олардың ішінде, әлемдегі ең ірі уран өндіруші «Cameco» корпорациясының Президенті T.Гитцель, әлемнің әуе құрылыс алыпы «Bombardier» компаниясының Вице-президенті П.Пьюн және т.б. болды.

Осындай жоғары деңгейдегі канадалық іскерлердің қатысуы жайдан жай емес: ағымдағы жылы Қазақстан мен Канада арасындағы атомдық энергияны бейбіт мақсаттарда қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімінің күшіне енсе, ҚР құрылатын жаңа әуе компаниясының қызметін кеңейтуіне қатысатын «Bombardier» компаниясымен «Q400» ұшақтарын жеткізу туралы келісіміне қол қойылғанын атап өту жөн.

 

 


Back to the list