05.12.2014
Мемлекет басшысы Қазақстан аталмыш бағдарламаға қатысушыларға қолайлы жағдай жасайтындығын айтты. «Француз тарапы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниет білдіріп отыр», - деді Н. Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Елбасылар екі елдің білім саласына көңіл бөлгендігін айтып өтті.
«Бүгін білім беру саласында келісімге қол қойылады. Ол екі жаққа да дипломдарды қабылдау әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Ертең Алматыда салтанатты түрде «Сорбонна-Қазақстан» университетінің ашылуы өтеді. Бұл Орталық Азияда ашылып отырған тұңғыш Франция университеті», - деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, келіссөздердің қорытындысы бойынша Франция тарапы Қазақстанды ЕО және ЕАЭО мен Еуропа одағы арасындағы алаң қалыптастыруына септігін тигізуге ниет білдірді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев біздің елдер украиналық дағдарысты реттеудің бірыңғай бағытын ұстанатындығын айтты.
Мемлекет басшысы әлемдік экономикадағы дағдарыс екі елдің ынтымақтастығына әсер етеді.
«Франциямен бірлесіп, өндіріс саласында 10 жобаны жүзеге асырды. Тағы 18-і бойынша жұмыс жасалуда. Бұл машина жасау, медицина, ғарыш, жүйе, фармацевтика, ауыл шаруашлығы мен инфрақұырылым саласында жүзеге асады», - деді Елбасы.