05.12.2014
«Біз үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Қайта өңдеу секторына шетелдік инвестицияның 70%-ы құйылды. Тәуелсіздік жылдары барлығы 200 млрд доллардан астам инвестиция тартылды. 2015 жылдан бастап Қазақстанда екінші бесжылдықты жүзеге асыру басталады. Онда металлургия, химия, мұнайхимиясы мен машинақұрылысына, құрылыс индустриясы мен таман өндірісіне басымдылық берілген. Аталмыш салалар бойынша жобалардың инвестициялық қоржынының жалпы құны 30 млрд долл және ерекше жеңілдіктерге байланысты ол артып келеді. Бүгінде әлемнің 100-ден астам компаниясы Қазақстанда жұмыс істеуге, оған қаржы құюға дайын»,- деді мемлекет басшысы.
«Француз компаниялары екінші индустрияландыру бесжылдығына белсенді қатысады деген ойдамын. Өзіміздің тарапымыздан инвесторларға барынша қолдау көрсетеміз»,- деп сендірді Н.Назарбаев.
«Франция екі елдің тауар айналымы тұрақты түрде өсіп келеді. Өткен жылы ол 6 млрд доллардан немесе 8 млрд еуродан асып жығылды. Соңғы 10 жылда француз бизнесмендерінің елімізге инвестициясы 11 млрд доллардан асып кетті. Айта кетерлік жайт, қазақстандық - фрацуз бизнес форумына қатысушылар саны өзара бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылықтың артып келе жатқанын байқатады»,- деп атап өтті Президент.
Елбасы еске салып өткендей, қазақстандық нарықта 100-ден астам француз компаниялары жұмыс істейді. «Бірлескен жобалар өндіріс саласымен бірге жаһандық экономикада маңызы жоғары технологиялар саласында да жүзеге асырылуда»,- деп атап өтті Н.Назарбаев.
Камила Амирова