• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Беларусь өкілдері тауарларды бақылау белгілермен маркалау тәжірибесін бөлісті – ҰКП 05.12.2014

Хабарламада айтылғандай, Беларусь Республикасында маркілеу жүйесінің қызмет еткен уақытында заңсыз тауарлармен тиімді күрес деңгейін арттыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл өз кезегінде бюджетке салық түсімі көлемін арттырып, аталмыш процесті автоматтандыру деңгейін көбейтуге мүмкіндік туды.

«Қазіргі таңда ол елде шамамен 20 тауар пункті маркілеу жұмыстарын жасайды. Онда тауарды маркілеуге алуан түрлі әдістер қолданылады. Яғни жоғары құнды тауарлар тобына барынша қымбат әдістер қолданылса, арзан тауарлар қарапайым түрде маркіленеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шарада Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан ұсынылып отырған өнімді бақылау белгілерімен маркілеу жүйелері талқыланды. Онда Беларусь тарабы ҚР ҰКП-ның «пилоттық» жобаны іске асыру кезеңіндегі КО пен БЭК аясында толыққанды маркілеу жүйесін құру мен қызметке қосу туралы келісім жобасының мақсаттылығы мен өзектілігі  туралы ұстанымын қолдады.

ҚР-дағы кәсіпкерлік тұрғысынан қарайтын болсақ, ЕЭК тарапынан ұсынылып отырған жүйе контрафактілік өніммен күреске бағытталуымен қатар, тауар айналымын біріңғай бақылауда ұстауға, кәсіпкерлік шарттарын қатаңдатуға, тауарларды бақылау бойынша құқық қорғау органдарының құзіреттерін кеңейтуге бағытталған. Бұл өз кезегінде елде кәсіпкерліктің кенже қалуына жол ашпақ.

Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі кәсіпкерлік қызметтерлі мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманың басты мақсаттырының бірі мемлекеттік бақылау шараларының анықтау және жазалау түрінен алдын алу және марапаттау түріне алмастыру болып табылады.

 


Back to the list