• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Анкарада Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 05.12.2014

«Кездеу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Елші Ж.Түймебаев тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанның негізгі жетістіктерінен, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі тармақтары арқылы баяндалған еліміздің экономикалық саясатынан, «Қазақстан-2050» Стратегиясынан және Қазақстанның индустриалды-инновациялық бағдарламасының негізгі бағдарларынан хабардар етті», - делінген хабарламада.

Палатаның басшысы Н.Өздебир Қазақстанның тәуелсіздік алғалы жылдардың ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алғанын және қазіргі кезде дамудың жаңа траекториясына шығып жатқанын атап өтті.

«Мен бауырлас Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саясатын алдағы уақыт үшін әлемдік және геосаяси ахуалды кешенді сараптаудың негізінде түзетіп жатқанын көріп отырмын», деп, Н.Өздебир мәлім етті. Өнеркәсіп палатасының басшысы инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін, халықтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін әрі қарай дамытудың орындылығын белгіледі.

«Түркияның бизнес-қауымдастығы ҚР Президенті Н.Назарбаев ерекше көңіл бөлген, индустриалдық аймақтарды дамыту аясында белсенділік көрсетуге әзір», деп, Н.Өздемир мәлімдеді.

Кездесу барысында тараптар ҚР-нда бірлескен қазақ-түрік индустриялық аймақтарды құру туралы меморандумның орындалуы бойынша бұдан кейінгі жоспарлардың орындалуын талқылады. Н.Өздебир Анкараның Өнеркәсіп палатасының Анкараның және өңірлердің бизнес орталарын тартып, Оңтүстік-Қазақстан облысында қазақ-түрік индустриалды аймақтарды құруға қатысып қана қоймай, келесі аптада түрік бас қаласының әнеркәсіпшілер палатасы делегациясының ОҚО-на жұмыс сапармен баратынын хабарлады.

Кездесудің қорытындылары бойынша, қазақ-түрік экономикалық ынтымақтастығын бұдан әрі белсендіру мәселесінің қажеттілігі атап өтілді.

 


Back to the list