• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаев пен  Ф.Олланд стратегиялық серіктестігінің негізгі бағыттарын талқылады 05.12.2014

Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы да пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың негізін еліміздің тәуелсіздігін Еуропада алғашқылардың бірі болып таныған және 1993 жылы Қазақстанға келген Франция Президенті Ф.Миттеран қалағанын айтты.

«Содан бері дамып келе жатқан қарым-қатынастарымыз бүгінде стратегиялық серіктестік деңгейінде. Қазақстанда 100-ден астам француздық компания жұмыс істейді, көптеген бірлескен кәсіпорындар бар. Қазір ондаған бірлескен жобалар іске асырылуда.  Сізбен бірге іскер топ өкілдерінің үлкен  бір қауымы келгеніне қуаныштымын. Біздің кездесуіміз қарым-қатынастарымызды әрі қарай ілгерілетуге ықпал етеді деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Ф.Олланд өзінің бұл сапары Қазақстан Президентінің Францияға 2012 жылғы сапарында жасалған уағдаластықтың нәтижесі екенін атап көрсетті.

«Егер кейінге үңіліп, Қазақстанның Ф.Миттеранның сапарынан бергі жүріп өткен жолына қарайтын болсақ, бүгінде ол дамып, нығайып келе жатқан мүлде басқа ел. Біз Ресей мен Еуропа елдерінің арасындағы қарым-қатынастың ширығуы байқалып отырған уақытта кездесіп отырмыз. Мен мұның түйіні шешілгенін қалаймын, ал бұл орайда Сіздің ел айрықша рөл ойнайды», – деді Франция Президенті.

 


Back to the list