• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Германияда ҚР мен ГФР арасындағы сот органдары ынтымақтастығы талқыланды 05.12.2014

ҚР СІМ хабарлағандай, келіссөз барысында Неміс тарапы Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Жолдауының мақсат, міндеттерімен және ҚР сот жүйесін жетілдіру шараларымен таныстырылды. Құқықтық үстемдікті қамсыздандыру және құқықтық реформа ҚР ұзақ мерзімді дамуының кешенді саласы болып табылатыны айтылды. Құқықтық қамсыздандыру кемел болмай, «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мақсаттарын жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған орай, ҚР 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясаты тұжырымдамасының жүзеге асуы және оның әрі қарай дамуы да осы мақсат аясында болуы керек.

Германдық тараптың пікірі бойынша, Қазақстанның құқықтық үстемдікті қамсыздандыруға деген талпынысы халықаралық одақтан қолдау тауып отыр. Оған Астана қаласында өткен Орталық Азия мен Еуро Одақ әділет министрлерінің 4-ші конференциясы айғақ болып отыр. Осы іс-шара аясында шетелдік сарапшылар Қазақстанның құқықтық жүйені реформалаудағы табысын жоғары бағалаған болатын.


Back to the list