04.12.2014
Қазақстан Елшісі Ерғали Бөлегенов шара Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталғандығын айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшының Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына қосқан үлесі туралы айтты. Қазақстан Елшісі өз сөзінде Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына көп көңіл бөлді.
Өз кезегінде Брест облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары А.Клец Н.Назарбаевтың ел егемендігіндегі аса маңызды рөлін атап, нарық қарым-қатынасының орнығуы, әлеуметтік тұрақтылықтың орын алуы, халықаралық серіктестермен өзара тиімді әрі ыңғайлы қатынас орнатқанын да атап өтті. «Елбасы Н.Назарбаев тұрақтылық пен демократизацияның негізі екенін атап өтті», - деді ол.
«Қазақ киносының апталығы» «Елбасы жолы» киноэпопеясының «От-өзен» көркем фильмінен басталды. Онда Елбасының қалыптасу жолы, тұлғаны дайындау кезеңі көрсетілген. Кинокартина көрермендердің жылы лебізіне ие болды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, көрермендерге ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған фотокөрме ұсынылды.