• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Польшаның Қорғаныс университеттері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды 04.12.2014

«Тараптар екі елдің білім мекемесі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жобасын талқылап, озық халықаралық тәжірибелерге жауап беретін бірлескен жұмыстар мен оқыту әдістері бойынша тәжірибе алмасуға әзірліктерін жеткізді», - делінген хабарламада.

 Қазақстандық делегацияның Варшаваға сапары барысында әскери білімнің сапасын арттыру мен әскери ғылымды дамытуға мүмкіндік беретін Қорғаныс университеттерінің профессорлары мен магистранттарын алмасу мәселелеріне баса назар аударылды.

Польшалық әріптестер бірқатар қызықты брифингтер өткізіп, Академия тыңдаушыларын оқытудың жаңаша үлгілерін көрсетті. Негізінен 3 курс доктаранттарынан тұратын Ұлттық қорғаныс университетінің делегациясы Академияның әскери қалашығында болып, Варшаваның көрікті жерлерімен танысты.
 


Back to the list