• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Ұлыбритания құқықтық салада ынтымақтастық орнатты 04.12.2014

«Ұлыбританияның Бас прокуроры Джереми Райтпен болған кездесуде тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың стратегиялық деңгейін және құқықтық саладағы ынтымақтастықтың келешегін ризашылықпен атап өтті», - делінген хабарламада.

Әділет министрі Кристофер Грэйлингпен болған кездесу кезінде өзара қызығушылық туғызатын  кең ауқымды мәселелер, прокуратура органдарының құқық қорғау қызметі және Қазақстанның негізгі халықаралық шарттарға қосылу барысы талқыланды.

Асхат Дауылбаев пен Кристофер Грэйлинг екі мемлекет арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастық және бірлескен консультативті комитет құруға қатысты Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар қол қойған Меморандум құқықтық салада өзара белсенді іс-қимыл және тәжірибе алмасуға, сондай-ақ Қазақстанның қылмыстық сот жүргізу ісіндегі әмбебап еуропалық конвенцияларға қосылуы бойынша Ұлыбританияның қолдауына ие болуға, өзара құқықтық көмек туралы екіжақты шарт жасасу жұмысының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұлыбританияның Қауіпсіздік қызметі (MI5) Бас директорының бірінші орынбасары Джереми Флемингпен сұхбат барысында ҚР Бас Прокуроры трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмыстылыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылды жақсарту және британдық тәжірибені зерделеуге мүдделілік танытты. Экономикалық қылмыстарды, ақша қаражаттарын жылыстатуды және қылмыстық жолмен алынған активтерді қайтаруды анықтау және тергеу мәселелеріне аса назар аударылды. 

 


Back to the list