• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мьянма Қазақстанмен туристік кластерді дамытуға қызығушылық танытуда 03.12.2014

Марат Есенбаев Мьянма елордасы Нейпьидо қаласына сапары барысында Мьянма Одағы Республикасының Сыртқы істер министрі Вунна Маунг Лвинмен кездесті, деп хабарлады СІМ.

 Қазақстан Елшісі Мьянма сыртқы саяси мекемесі басшысына Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары аясындағы болашағы туралы хабарлады.

Қазіргі уақытта қарқынды дамып отырған, мұнай мен газ, сонымен қатар минералды ресурстарға бай, 60 миллион халқы бар Мьянма халықаралық серіктестер және шетелдік компаниялармен инвестиция тарту бойынша тығыз әрекеттестік жүргізіп отыр. Аталаған мәнмәтінде Мьянма Одағы Республикасы Сыртқы істер министрі Вунна Маунг Лвин қазақстандық-мьянмалық қатынастың энергетика, инвестиця және туризм саласындағы әрі қарай дамуы әлеуетін көріп отыр.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылап, БҰҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы, «Азия-Еуропа» форумы мен Азиядағы ынтымақтастық диалогы шеңберіндегі өзара қолдау көрсетуді көздеп отыр.

Делегацияның сапары барысында Қазақстан Елшісінің Мьянма Туризм федерациясының төрағасы Ян Винмен кездесуі өтті. Кездесу барысында туризм саласындағы өзара әрекеттестіктің болашағы талқыланды. Кездесу 2,5 млн. астан туристтерді қабылдайтын Мьянманың бұрынғы астанасы Янгон қаласында орын алды. Тараптар туристік саланы дамытудағы тәжірибе алмасу бойынша жоспарды талқылап, екі елдің туристік агенттіктердің сапарларын ұйымдастыру туралы келісіп, Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды көздеп отыр.


Back to the list