• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға визасыз бара алатын болады – СІМ 02.12.2014

ҚР СІМ хабарлауынша, енді Қазақстан азаматтары Корей Республикасы аумағында 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Осы сияқты Корей елі азаматтары да елімізде 30 күн қонақ бола алады.

«Қос мемлекет арасындағы визасыз режим туралы келісімге Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Пак Кын Хы арасында жазда қол қойылған еді. Аталмыш келісімге қол қою екі елдің сыртқы саясат ведомствасының бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Оңтүстік Корея қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына қаражат салатын ірі инвесторлардың бірі. Аталмыш елден ағылған жалпы инвестиция көлемі шамамен 8 млрд доллар көлемінде. Ал 2013 жылғы көрсеткіш бойынша екіжақты сауда айналымы 1,5 млрд доллар.

 


Back to the list