28.11.2014
«Отырыс барысында Кеңес мүшелері 2020 жылға дейін ТМД елдерінің халықаралық жастар ынтымақтастығы Стратегиясын іске асырудың 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысын және 2016-2017 жылдарға белгіленген ұқсас Жоспардың жобасына ұсынылған ұсыныстарды талқылады. Сонымен қатар, Кеңестің мүшелеріне Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы туралы баяндамасы ұсынылды», - делінген хабарламада.
Одан басқа, отырыс аясында Кеңеске қатысушылар Астана қаласы бойынша өңірлік филиал «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жұмысымен танысып, жастар кәсіпкерлігін қолдау механизмін талқылады.