25.11.2014
«Кездесу барысында қазақстандық-чехтық қатынастың мәселелері мен маңызды халықаралық проблемалар талқыланды», - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат төрағасы екі еларасындағы парламентаралық байланыстың даму белсенділігіне көңілінің толытынын және Сенаттың заңнамалық қызметі туралы айтып берді.
«Чехия Президенті Қазақстан Парламенті қарастырып жатқан «Дамуға ресми көмек туралы» заң жобасына қызығушылық танытты», - делінген хабарламада.
Қ.Тоқаев атап өткендей, Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне өте отырып көмек көрсетуді халықаралық ынтымақтастықтың басты әлементі деп есептейді. «Президент Н.Назарбаев шет мемлекеттермен байланыс орнатуды өзі жіті қадағалап отырады, осылайша интеграцияға оң әсерін тигізеді», - деп атап өтті Сенат спикері.
Бұдан басқа Чехия Президенті қазақстандық этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім үлгісін жоғары бағалады.