24.11.2014
«Тараптар біздің елдеріміз байланысының өзекті сұрақтарын талқылай келіп, қос мемлекет арасындағы жылдан-жылға беки түскен достық, тату көршілік қатынасқа ерекше көңіл бөлді», - делінген хабарламада.
Осы ретте Қабиболла Жақыпов Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған ХХІ ғасырдағы одақтастық пен тату көршілік туралы Шартты сөз етті.
«Біз Қазақстан Президентінің Еуразиялық интеграция идеясын алғаш рет 1994-жылы ММУ-де сөйлеген сөзінде жариялағанын ешқашан ұмытпаймыз және өте жоғары бағалаймыз. Идея қанат жайды, нәтижесінде, келер жылдың қаңтар айынан бастап, біз өмір сүретін, толыққанды Еуразиялық Экономикалық Одаққа айналды. Бұл мега жобаның қозғаушы күші біздің үш ел - Қазақстан, Ресей, Беларусь»,-деді С.Нарышкин.