24.11.2014
Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде өткен кездесуде М. Майкеев ҚХР Халық-азаттық армиясы делегациясы Қазақстанға сапарының жауынгерлік даярлық саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту, тәжірибе алмасу үшін маңызды екеніне тоқталды.
Өз кезегінде генерал-майор Чжан Цзяньшэн ШЫҰ аясында өткізіліп келе жатқан оқу-жаттығулар барысында көрсетілген қазақстандық әскери қызметшілердің кәсіби деңгейінің жоғарылығын атап өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында әскери кадрлар даярлау саласындағы және әскери ғылымдағы ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды.