22.11.2014
«Кездесу барысында ҚР Елшісі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол» Жолдауының мәтінін тапсырды және үнді дипломатына Жолдаудың негізгі ережелерін таныстырды», - делінген хабарламада.
Қазақтан дипмиссиясының басшысы Жолдаудың басты міндеттерінің бірі ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаны орындау болып табылатындығын атап өтті. Б.Сәренбаев сұхбаттасына «Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша соңғы жылдардағы Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы ақпарат берді.
Бұдан басқа, саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық серіктестіктің белсенділігін артыру, экономикалық серіктестіктің келісім-құқықтық жолдарын қалыптастыру, сондай-ақ мәдени байланыстарды дамыту мақсатында қолданылатын қадамдар мәселелері аталып өтті.