• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Премьер-Министрі мен  Беларусь Үкіметінің басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады 21.11.2014

«Әңгіме барысында К.Мәсімов пен М.Мясникович екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты», - делінген хабарламада.

Тараптар Қазақстан-Беларусь өзара іс-қимылының деңгейін жоғары бағалап, мемлекетаралық қатынастардың барлық қыры бойынша байланыстарды одан әрі тереңдету қажеттігін атап өтті.

Кәрім Мәсімов 21 қарашада Ашхабадта өтетін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін бүгін Түркіменстанға келді.

 

 


Back to the list