20.11.2014
«Қазақстан, Белоруссия, Ресей, Армения мен Қырғызстан елдерінің Президенттері бүкіл әлемге өзара келісілген интеграцияланған саясаттың тиімділігін көрсетті», - деді А.Ничкасов.
Өз кезегінде біздің халықтарымыздың парламентшілері тарихи келісімді іске қосу сауда-экономикалық, энергетикалық, ғылыми-техникалық салаларда серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін ашады.
«Біздің алдымызда Еуразия экономикалық одаққа мүше елдері арасында ынтымақтастық үшін институционалды платформа құру міндеті тұр», - деп есептейді елші.
Өз Жолдауында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев осынау кезеңді тек қуатты мемлекеттердің ғана еңсеретінін айтып, халықтың біріге жұмыс істегенінде ғана осы белесті бағындыруға болатынын мәлімдеді, дейді А. Ничкасов.
Оның айтуынша, форумның өткізілуі дәстүрге айналып қана қоймай, тұрақты негізде парламентаралық қатынасты дамыуға серпін бермек.
«Жұмыстың мақсаты форум қатысушыларының осынау үлкен саясатты жүзеге асыруға ой қосып, жаңа экономикалық саясатты орындай отырып, жаңа архитектураны қолға алып, елдің жаңаша даму жолына түсуіне жол ашатын пікір алмасуға бағытталған», - дейді.
Камила Амирова