20.11.2014
«Павлодар облысын «Павлодар» СЭЗ, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы, «Павлодартұз» ЖШС-і, «Қазэнергокабель» АҚ және тағы басқа компаниялар таныстырды. Тағы бір айта кететіні, Павлодар облысы – Қазақстанның форумға қатысқан жалғыз аймағы», - деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.
Сарапшылар даму тенденциясы мен индустриалдық-парктік жобаларды басқарудың үздік тәжірибелерін талқылады, бір-бірімен индустриалдық алаңдар мен парктік жобаларды басқару мен инвестициялаудың табысты тәжірибелерімен бөлісті.
Форум шеңберінде инвестициялық келісімдер, ынтымақтастық туралы келісімдер жасалы, бірқатар, оның ішінде – Павлодар облысымен шекаралық ынтымақтастық шеңберінде кездесулер өткізілді.
Атап айтқанда, Павлодар облысының Новосібір сауда-өндірістік палатасы мен Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының шекаралық ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.
Сондай-а, ПМПИ мен «Вектор» вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығы (Новосібір қаласы) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, InPark - 2014» - тәжірибе алмасу мен инвестициялық дамудың заманауи технологияларын талқылауға арналған Ресейдің ірі сараптау алаңы. Индустриалдық-парктік жобалардың халықаралық форумы 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді.