• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастығы талқыланды 20.11.2014

«Қытай Қазақстан үшін жақын көрші болуымен қатар стратегиялық маңызды сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Екі ел арасында достық және ынтымақтастық байланыс орнаған», - деді Е.Досаев.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Қытай әлемдегі ең үлкен инвесторлардың бірі, Қазақстан инвесторларды ынталандырудың жаңа пакетін енгізгеннен кейін ҚР инвестициялық қызметін жандандыруды күтіп отыр.

Айта кету керек, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 13,3 млрд долларды құрады.

Қытайдан Қазақстанға ағылатын тікелей инвестиция көлемі 2005 жыл мен 2014 жылдың бірінші жарты жылында 11,8 млрд доллардан асты. Олардың дені құрылыс, тау-кен өндіру мұнай-газ саласына тиесілі.


Back to the list