• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Вашингтонда «Сапфир» операциясының аяқталуының 20 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті 19.11.2014

«Сапфир жобасы 20-жылдан кейін: қауіпті бірлесе азайту және болашаққа тағылым» атты конференцияда беделді америкалық саясаткерлер және бұрынғы сенаторлар Нанн-Лугар қауіпті бірлесе азайту бағдарламасының авторлары Сэм Нанн мен Ричард Лугар сөз сөйледі.

Атап өткен жөн, дәл осы Нанн-Лугар бағдарламасы шеңберінде «Сапфир» жобасы және 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қалған ядролық, химиялық, биологиялық қарудың қалдықтары мен инфрақұрылымын жоюға бағытталған бірқатар Қазақстан-АҚШ жобалары іске асырылды.

"Елінің күш-жігеріне сүйене отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев батыл шешім қабылдады. Бұны ядролық қарусыздану мен таратпау режимін нығайтуға, сондай-ақ әлем қауіпсіздігіне қосылған ірі үлес ретінде бағалауға болады" - деп мәлімдеді Р. Лугар.

Сенатар С. Нанн "Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың батылдығы мен көшбасшылығы болмағанда, бүгінгі әлем қандай болар еді" деген сұрақты көлденең тартты. Президент Н. Назарбаевтың адамзатты ядролық қарудан азат етуге және жаппай қырып жою қару-жарағын таратпау режимін нығайтуға бағытталған саясаты халықаралық қауымдастықтың қошеметіне ие болды және Қазақстанның қарусыздану, таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы ғаламдық көшбасшылығын нығайтты, деген оймен бөлісті С. Нанн. 

Әлем тарихында тендесі жоқ «Сапфир» жобасы барысында 1994 жылы Үлбі металлургиялық зауытынан 600 киллограммға жуық жоғары байытылған уран АҚШ-қа жөнелтілді. Бұл Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев пен АҚШ-тың 42-ші Президенті Б. Клинтон арасында қалыптасқан жоғары деңгейлі өзара сенім арқасында жүзеге асырылып, екіжақты ынтымақтастықтың мықты негізін қалауға және оны кейінірек стратегиялық әріптестік деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.

 

 

 


Back to the list