19.11.2014
«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 12 жылдық қызметінде ықпалды халықаралық ұйымға айналып отыр. Бүгінде ШЫҰ өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайларды реттеуге бірлескен заманауи әдістер дайындайтын және ортақ қатерлердің алдын алатын, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тетік болып табылады», - деді Досаев Астанада.
Қазақстанның ұлттық экономика министрінің айтуынша, кездесу Астанада 14-15 желтоқсанға жоспарланған ШЫҰ мүше мемлекеттерінің үкімет басшыларының кеңесі отырысы алдында өтеді. «Министрлер жиынының қорытындысы ұйым аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау барысында ШЫҰ мемлекеттері үкіметінің басшыларына таныстырылады», - дейді.
Өз кезегінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы бас хатшысы Дмитрий Мезенцевтің пікірінше, бүгінде ШЫҰ аясындағы сауда-экономикалық қатынастар үш басым бағыттардың бірі болып табылады.
«2025 жылға дейінгі ШЫҰ даму стратегиясы дайындалып жатқанында бұл өте маңызды. Мұнда мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттер нарығындағңы болашақ экономикалық қатынастар моделі мәселесі басты назарға шығарылмақ», - дейді ұйымның бас хатшысы.
Айта кету керек, шараға ШЫҰ мүше мемлекеттерінің (Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы) министрлері, ШЫҰ Бас хатшысы, сонымен қатар ШЫҰ банкаралық бірлестік пен іскерлік кеңес өкілдері қатысуды.
Камила Амирова