19.11.2014
«Халықаралық өнеркәсіптік «Металл-Экспо 2014» 20-шы мерейтой көрмесінде Қазақстан ұлттық стендте отандық металлургиялық компанияларын таныстырды. Отандық компаниялардың аталмыш шараға қатысуы іскерлік байланысты арттырып, қолда бар жетістіктерді кеңейтуге мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.
Мысалға, Алматы ауыр машина құрастыру зауыты келіссөздер қорытындысы бойынша зауыт өнімдерін жеткізу туралы келісімге қол жеткізді. Ақтөбе рельсті балкалы зауыты Грузиялық трейдерлермен келісімге келіп, Беларусь еліндегі әріптестерімен әріптестік құрды.
«Біздің рель өнімдеріміз Беларусьо, Қырғызстан, Грузия, Ресейлік әріптестеріміз тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отыр. Жыл соңына қарай Түркіменстан мен Грузияда кездесу ұйымдастырамыз», - дейді Ақтөбе зауытының маркетинг бөлімінің басшысы Жалбаторов Әлімжан.