19.11.2014
«Орын алған келіссөздердің басты тақырыбы ынтымақтастықты дамытуға, әсіресе экономика және өзара сауданы кеңейтуге арналды. «Шығыс және Батыс: Ұлы Жібек жолы мен Ганзей сауда одағының бірігуі» талқылауларға арқау болды. Парламентарилердің көбінесе екі елдің жоғарғы заңнама органдарының қызметіне байланысты болып табылатын барлық салалардағы әріптестік қатынастарды одан әрі тереңдету қажеттілігі туралы ортақ пікірлер айтылды. Эстондық депутаттардың мәлімдеуінше, олар Қазақстан мен Еуроодақтың одан әрі жақындасуына жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Эстондық парламент өкілдері Қазақстан мен ЕО арасындағы әріптестікті кеңейту туралы екі тараптан жуырда келісілген жаңа құжат пен жақын арада күтіліп отырған еліміздің ДСҰ-на енуімізді құптады», - делінген хабарламада.
Б. Ертаевтың Қазақстанның халық батырын өзінің Кадриоргтегі резиденциясында қабылдаған Эстонияның экс-президенті Арнольд Рюйтельмен жеке кездесуі болып өтті. А.Рюйтель өзінің досы, мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаевтың екі ел халқының достастығы мен Қазақстан және Эстонияның әріптестігін дамытудағы бірегей рөлін атап өтті.
Кездесулер барысында ұсынылған Президенттің «Нурлы Жол» Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары эстондық парламентарилер арасында аса жылы ықыласпен қабыл алында. А.Рюйтель Елбасының даналығы мен көрегенділігін, сондай-ақ Қазақстан халқының табандылығы мен мақсаттылығын жоғары бағалап, аталған стратегиялық құжаттағы барлық алға қойған мақсат-міндеттерге қол жеткізілетініне сенім білдірді.