• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Елшісі Лаос Президентіне сенім грамоталарын тапсырды - СІМ 18.11.2014

«Тапсыру рәсімінен кейін Президентпен өткен сұхбат барысында қазақстан-лаостық қатынастардың кең спектрлі мәселелер талқыланды. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ өзара мүдделілік танытатын салалардағы ынтымақтастықтың келешектері бойынша пікір алмасу өтті», - делінген хабарламада.

Қазақстандық дипломат Лаос Президентін еліміздің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалы және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген жағымсыз сыртқы қатерлер жағдайында орнықты экономикалық өсуді одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы ақпарат берді.

Лаос мемлекетінің басшысы Қазақстанның даму келешектерін жоғары бағалап, Вьентьян Астанамен екіжақты қатынастардың барлық бағыттары бойынша ықпалдастықты жандандыруға мүдделі екенін айтып, экономикалық жағына ерекше назар аудара отырып, екіжақты қатынастарды жан-жақты жандандыру қажеттілігін атап өтті.

Сол күні Б.Жұмахановтың ЛХДР Сыртқы істер министрлігі, Жоспарлау және инвестициялар министрлігі, Индустрия және коммерция министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық банкі басшылығымен және Вьентьян қаласының мэрімен екіжақты кездесулері өтті.Аталған кездесулерде қазақстан-лаостық ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық және басқа да салаларда тәжірибелік ықпалдастықтың келешектері толығырақ талқыланды.

 


Back to the list