• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Санкт-Петербургте қазақстандық өндірістің азық-түлік өнімдері таныстырылды  (ФОТО) 17.11.2014

«KAZNEX INVEST» АҚ қолдауымен Бірыңғай ұлттық стенд форматындағы «PeterFood 2014» 23-інші халықаралық азық-түлік көрмесінде қазақстандық өндірістегі азық-түлік өнімдері таныстырылды. Ресейдің азық-түлік сауда саласындағы Солтүстік-Батыс өңірінің басты көрмесінде шұбат, таң, айран, ірімшік тағамдарының дәмін тату шаралары өткізілді. Сонымен қатар, ұлттық стендте Қазақстанның алдыңғы қатарлы макарон өнімдері компаниясының өнім түрлері ұсынылды», - делінген хабарламада.  

2014 жылы көрмеде әлемнің 213 елінен 200-ден астам компания қатысып, оған он мыңнан астам адам келді.

KAZNEX INVEST хабарлауынша, қазақстандық компаниялардың аталмыш шараға қатысуы 12 елдің, атап айтар болсақ, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Армения, Венгрия, Италия, Латвия, Литва, Польша, Тунис, Чехия елдерінің өкілдерімен іскерлік қатынас құруына мүмкіндік берді. Бұл алдағы уақытта мемлекеттер арасында сауда қатынастарын орнатуға жол ашпақ.

Айта кету керек, «Петервуд» көрмесі 20 жылдан бері іскерлік қатынас орнату мен Ресей өңірлерінде тауарларды таныстыруға таптырмас орынға айналды. Бұл өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыс құратын бірегей шара болып табылады.


Back to the list