• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Брюссельде ҚР  мен ЕО  арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 16.11.2014

«Алексей Волков «Қазақстан үшін Еуроодақ ең ірі сауда-экономикалық әріптес болып табылатынын және екі тарап Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісім шеңберінде осы әріптестіктің барынша әлеуетін тереңдетуге мүдделі екенін» атап өтті. Сондай-ақ, өткен 10 жыл бойы Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 13 есеге ұлғайды, ал Қазақстандық экономикадағы Еуропалық инвестициялардың көлемі 10 есе көбейді», - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Сондай-ақ, делегациялар ішкі реформалар, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі мен тиімді басқару мәселелерін қоса алғанда, саяси ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен бірге, кездесу барысында энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық бойынша шолу және пікір алмасу болып өтті.

Отырыстың күн тәртібіндегі жеке тармақ Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың стратегиясына өзекті сипат беру мәселесі және 2007-2013 жылдардағы бұрынғы стратегияны іске асыруды бағалау болды. Қазақстандық делегация басшысының сөзі бойынша, Қазақстан Стратегияны өңірдің орнықты дамуы үшін қосымша жағдайлар жасау құралдарының бірі ретінде қарастырады және оның жаңарту қажеттілігі туралы 2015 жылғы ЕО Кеңесінің болашақ төрағасы ретіндегі Латвияның бастамасын қолдайды.

Сондай-ақ, отырыс шеңберінде соңғы жылдары Қазақстанның өңірлік көшбасшы және жаһандық қарым-қатынастар жүйесіндегі жауапты әріптес рөлін өзіне бекіткені атап өтілді. Оны «Partnership Instrument» жаңа тетігі шеңберінде Еуропалық Одақтың Қазақстанды әріптес ел санатына ауыстыруы және елде дамуға ресми көмек агенттігін құру бойынша белсенді жұмыс растайды.

Сонымен қатар, ҚР мен ЕО арасындағы визалық режимді жедел жеңілдету мәселесі күн тәртібінің маңызды тармағы болды.

Кездесу соңында тараптар Ынтымақтастық комитетінің кезекті 15-отырысын келесі жылғы күзде Астана қаласында өтетінін айқындады.


Back to the list