14.11.2014
«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаевпен, Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековпен, Қаржы министрі Б. Сұлтановпен, Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р. Жошыбаевпен жобаны іске асырудың нақты қадамдары талқыланды», - делінген хабарламада.
Польшаның бұрынғы Премьер-министрінің орынбасары, Өндіріс және сауда, инфрақұрылым және даму министрі, ал қазіргі кезде Польшадағы ауыл шаруашылық техникасын шығаратын ең озық өнеркәсіп – «Pol-Mot» холдингінің Даму бойынша директоры Марек Пол ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы индустриалды кластерді дамытуға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.
Поляк кластерлері одағының президенті Кшыштов Крыстовский Польшаның PZL Mielec және PZL Swidnik компанияларының қатысуымен бірлескен Қазақстан-Польша авиациялық кластерін дамытуды ұсынып отыр. Бұл жоба М-28 көпмақсатты шағын ұшақтарын, М-18 ауылшаруашылық ұшақтарын, мұнай-газ саласындағы теңіз үстінде бақылау жұмыстарын өткізуге қолайлы «Сокол» тікұшақтарын жасауды көздейді.
ҚР Ұлттық экономика министрі Е.Досаевпен «KZ-EURO-PL» жобасын жүзеге асыру үшін облыстармен пысықталғаннан кейін салалық кластерлерді құру және 4 пилоттық өңірді анықтау туралы келісімге қол жетті. ҚР Ауыл шаруашылық министрі А.С.Мамытбеков агроөндірістік кластерді дамыту бойынша негізгі бағыттарды айқындап берді.