13.11.2014
Сенім грамотасын тапсыру шарасы аясында жаңа тағайындалған еліміздің дипломатиялық өкілдігінің басшысы Иордания Королімен екіжақты ынтымақтастықтың және көпжақты ықпалдасудың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
«Король Абдалла ІІ ең алдымен ү.ж. маусымдағы елімізге жасаған сапарын жылы сезіммен еске ала отырып, Президент Н. Назарбаевқа өзінің шынайы сәлемін және зор ілтипатын жолдады. Иордания Королі қазақстандық Елшіні өз қызметіне кірісуіне байланысты құттықтап, Амманның Орталық Азия өңіріндегі негізгі әріптесі ретінде, Қазақстанмен орнаған ынтымақтастықтың даму әлеуетін атап өтті», - делінген хабарламада.
Қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың екі ел мен халықтар арасындағы достық байланыстар мен жан-жақты қарым-қатынастарды нығайтуға деген мүдделігін растады.
Сонымен қатар, Елші екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын алға тарта отырып, алдағы уақытта елімізде өткізілуі жоспарланып отырған іс-шараларға, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне иордан тарапының жоғары деңгейде қатысатынына сенім білдірді.