• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қ.Тоқаев  Марокко Королі Мохаммед VI-ның арнаулы уәкілімен  келіссөз жүргізді 13.11.2014

Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің басшысы Қ.Тоқаев түрлі діндер арасындағы толеранттық пен өзара құрмет рухын ілгерілету жөніндегі Марокко Королінің күш-жігерін жоғары бағалай отырып, 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V Съезіне әзірлік туралы хабардар етті. 

«Астана форумына Мохаммед VI-ның өзінің қатысуы Съездің идеяларын ілгерілетуге маңызды үлес  қосып, әлемдік мәдениеттер мен діндерді жақындастырудың жаһандық үдерістерінде Марокконың беделі мен рөлін нығайтуға жәрдемдеседі», - деді Қ.Тоқаев.

Ол Король Мохаммед VI-ға Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Астана қаласында болатын V Съезге шақыруын жеткізді.

 


Back to the list