• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Президентінің  «Нұрлы жол» Жолдауы Түркияда талқыланды 13.11.2014

Сыртқы істер министрлігінде хабарлғандай, кездесу барысында екіжақты және өңірлер арасы мәселелер талқыланды.

«Елші Ж.Түймебаев өз сұхбаттасын «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістіктерінен хабардар ете отырып, басты мақсаты кеңауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаны іске асыру болып табылатын ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол» атты Жолдауының негізгі тармақтарын баяндап берді. Осы орайды Елші Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 дүниежүзілік мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстарының барысы туралы да айтып бере отырып, губернаторды аталған халықаралық іс-шараға белсенді қатысуға шақырды», - делінген хабарламада.

Губернатор М.Кылычлар екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалай отырып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму саласы бойынша жетістіктерін атап өтті.«Мен Президент Н.Назарбаевтың бастамаларына қайран қаламын. Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарламасымен қызығып таныстым. «Нұрлы жол» бағдарламасы - маңыздылығы зор кезең және «Қазақстан-2050» Стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Бауырлас Қазақстан болашағының «Нұрлы жол» бағдарламасымен тығыз байланысы бар екендігіне кәміл сенемін», - деді М.Кылычлар.

Ол сондай-ақ 2001 жылдан бері туыстас қалалар болып табылатын Астана мен Анкара арасындағы ынтымақтастығының маңыздылығын да атап өтті.

М.Кылычлар Қазақстан мен Түркияның бауырлас және достас қарым-қатынастардың астын сызып, Астана қаласында «Анкара» паркінің және Ататүріктің ескерткішінің ашылғанын, сонымен қатар Анкарада Қазақстан атындағы даңғылының және Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті монументінің бар екенін жылы ықыласпен атап өтті. М.Кылычлар: «Бұның екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың достас және бауырлас екендігінің көрсеткіші екенін білдіреді», деді.

Кездесудің қорытындалары бойынша тараптар Астана мен Анкара арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында жаңа жобаларды ілгерілете беруге келісті.

 


Back to the list