• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Парижде Қазақстан күні аталып өтті 12.11.2014

«Ауқымды бағдарлама аясында меймандар қазақ қонақжайлылығымен таныса алды. Француздар үшiн арнайы ұлттық нақыштағы әшекейлермен безендірілген киiз үй орнатылды», - делінген хабарламада.

Кiшкентай балаларларға қазақ мультипликациялық фильмдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды, дәстүрлі музыкамен танысып, киіз үйдің суреттерін салуға мүмкіндік жасалынды.

Толы залдың бір жарым сағат бойы назарын ұстап, зор қошеметке ие болған домбыра, қобыз және сыбызғы ұлттық музыкалық аспаптар шеберлерінің концертi «Қазақстан күнiн» аяқтады.

 Орын алған шаралар мәдени қатынастарды және екi ел арасындағы ынтымақтастық байланыс бағыттарын байытуға мүмкiндiк бердi, сонымен бiрге француздарға Қазақстан туралы оның халқы мен даму деңгейi және дәстүрлері жөнінде білімдерін кеңейтуге мүмкіндік тудырды.


Back to the list