• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
И.Тасмағамбетов ТМД елдерінің қорғаныс министрлерімен бірқатар кездесулер өткізді 11.11.2014

Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Гасановпен өткен кездесуде екі ел қорғаныс ведомствосы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық спектрі талқыланды.

«Екі жақты барыс-келістер, арнайы операциялық күштердің, Әскери-теңіз күштері мен Құрлық әскерлері бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығулары аймақтағы және әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға себеп болатыны атап өтілді. Кездесуде 2015 жылғы екі жақты ынтымақтастық жоспары бекітілді», - делінген хабарламада.

Қырғызстан Қорғаныс министрі Абиболла Құдайбердиевпен болған кездесу барысында екі жақты форматтағы және ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ шеңберіндегі байланыстарды арттыра түсудің қажеттілігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, сол күні Қазақстан Қорғаныс министрі Армения және Тәжікстан Қорғаныс министрлері Сейран Оганянмен және Шерали Мирзомен кездесті.

 


Back to the list