• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атырауда Венгрияның құрметті консулдығы ашылды 11.11.2014

Атырау облысының әкімі  Бақтықожа Ізмұхамбетов те өз сөзінде бүгінгі таңда өңірімізде 500-дей бірлескен кәсіпорынның жұмыс жасайтындығын, соның тек 10-ға жуығында ғана венгерліктердің үлесі барлығын алға тартты.

Аймақ басшысы ілгеріде бұл көрсеткіштің бірнеше еселеп өсетіндігіне үмітті екендігін жасырмады.

Венгрия мемлекетінің энергетика және экономика министрі Михай Варга көпшілікке осы елдің Атыраудағы құрметті консулы – «Атырау-Жарық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали Қаршегеновті таныстырды.

«Атырауда құрметті консулдықтың ашылуы және құрметті консулдың тағайындалуы – заңды құбылыс. Қазақстанда жұмыс жасайтын венгерлік компаниялардың басым көпшілігі осы аймақта орналасқан, немесе осында өз қызметін жүзеге асыруда. Ал, бүгінгі бәріміз куәсі болып отырған оқиға, яғни құрметті консулдықтың ашылуы – бұл түрлі саладағы байланыстарды өрістетіп, жетілдіре түсудің жаңа мүмкіндіктері»,-деп түйіндеді ойын Михай Варга.

 

 

 


Back to the list