11.11.2014
«Осыған байланысты көлік қызметінің Қазақстан-Еуропа рыногындағы отандық тасымалдаушылардың үлесін арттыруға мүмкіндік туады деп күтілуде. Сонымен бірге екі ел арасындағы екіжақты және транзиттік тасымал үшін рұқсат берусіз жүйе сақталатын болады», - делінген хабарламада.
Үшінші елдерге/елдерден жүкті автомобильмен тасымалдауға рұқсат беру жүйесі қолданылып келе жатқандығын атап өтеміз.
Айта кетейік, Халықаралық автокөлік одағының мәліметі бойынша қырғыздық тасмалдаушылар 2009 жылы үшінші елдерден Қазақстанға 1078 рейс, 2012 жылы 3807 рейс, ал 2013 жылы 3961 рейс жасаған.