11.11.2014
«Еуропалық одақ пен Орта Азия елдері бұл принціпті, жалпы күллі әлем оны қабылдауда. Бүгінде біз экономикалық даму мен экономикалық өсімнің заң үстемдігімен бірге дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Заңның үстемдігі заманауи қоғамның теңдесіз жетістігі. Заңның үстемдігі заманауи демократиялы елді құрудағы және ашық толерантты қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында кірпіш болып табылады», - деп толықтырды ол.
Қазақстандағы ЕО Өкілділігінің басшысы атап өткендей, заңның үстемдігі замануи қоғам мен конституциялық демократияның омытрқасы.
«Заңның үстемдігін дұрыс пайдалану - мемлекеттік саясат пен мемлекеттік құрылыстың негізі. Мысалы қолайлы саяси климатты жасақтау, тікелей сыртқы инвестицияларды тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу, кедейшілікті төмендету, экономикалық өсім мен дамыту үшін заң үстемдігі ауадай қажет», - деп сендірді Аурелия Бушез.
Бұдан басқа, оның айтуынша тұрақты заң үстемділігін қамтамасыз етуде заң үстемдігі платформасы маңызды механизм болып табылады. Ол 2011 жылы Брюсселде өткен ЕО пен ОА елдерінің әділет министрлерінің үшінші министрлер конференциясында іске қосылды. Онда екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары көрсетіліп, бекітілген болатын.
Индира Кауметова