10.11.2014
Едіге Ибрайымов кәсіпкер ретінде электрлі жетекке технологиялық электротранспорт өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын ашу туралы Сарапул электрогенератор зауытымен келісімге келді.
«Біз Қазақстанда өндіріс ашуды ұсындық, енді оны Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында іске асыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіз дайындап, есептеулер жүргізіп, ресурстарды айқындап, дәнекерлеуші, жинаушы мен технолог мамандықтарын анықтау керек. ЕЭА жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін қараудамыз», - дейді Едіге Ибрайымов.
Оның айтуынша, экскурсия автобустары мен жинау техникаларын шығарып, алдағы уақытта өндірістік кәсіпорындардағы қатты қаптамалы жолдарда жүк тасымалына арналған қойма, база, порт, темір жол станциялары мен өзге де нысандар салынбақ.
Сонымен қатар «TransTechMash» ЖШС директоры Ельнура Бейсембаева ақ брус тасымалдау туралы «Трек» ААҚ компаниясымен келісімге келді.
«Аталмыш келісім арқалы кең колеялы темір жолдарына арналған ағаш шпалдары өндірісін арттырамыз», - дейді Е. Бейсембаев.
Астана қалалық кәсіпкерлер палатасы удмурттық әріптестеріне мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламалары бойынша семинар мен әлеуетті инвесторларға бизнес-префренциялар ұйымдастырылды.