10.11.2014
«Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қ.Тоқаев Марокко Королі Мохаммад VI-ға Президент Н.Назарбаевтың 2015 жылы 10 -11 маусымда Астанада болатын V Съезге шақыруын жеткізеді», - делінген хабарламада.
Сапар аясында Марокко Парламенті Кеңесшілер палатасының Төрағасы Мухаммад Аш-Шейх Биядилламен, Парламенттің Депутаттар палатасының Төрағасы Рашид Аль-Алямимен, премьер-министр Абдельиллах Бенкиранмен келіссөздер болады.
Қ.Тоқаевтың Үлкен Касабланка облысының губернаторы Халид Сафирмен кездесуі жоспарланған.