09.11.2014
Сонымен, келіссөздер нәтижесінде тараптар агроиндустрия мен қайта өңдеу салаларында кәсіпорын ашуға келісті.
Айта кетерлік жайт, дөнгелек үстелге қатысушылар ынтымақтастықтың негізгі тетігі ретінде машина жасау, тамақ және химиялық өнеркәсіп және т.б сияқты түрлі қызмет салаларын атады.
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиеваның айтуынша, бұл секторлар екіжақты ынтымақтастық үшін ең қызықты сала.
Жалпы, шараға POLMOT, HUTA LABEDY, PESA, PEK MONT, PRONAR, MSX Resources SA, CIECH Group, OLMEX, Węglokoks S.A., Moscibrody, EKO EXPORT сынды 35 ең ірі польшалық компаниялардың өкілдері қатысты.