09.11.2014
«Абзал Мухитдиновтың басқаруымен Еркеғали Рахмадиевтің «Құдаша Думан» күйін орындаған симфоникалық оркестр - қошаметке оралған кештің алғашқы туындысы болды. Кеш жетекші солисттер Дина Хамзина мен Байғали Момбековтың Ахмет Жұбанов пен Латифа Хамидидің «Абай» операсының көрінісімен жалғасты. «Астана Опера» солистерінің орындауындағы Джузеппе Вердидің «Аида» операсының «триумф» көрінісін Нидерланд қауымы ерекше ықыласпен жылы қарсы алды», - делінген хабарламада.
Атап өткендей, деделді халықаралық ұйым басшылары, Нидерланд Корольдігі Парламенті мүшелері, дипломатиялық өкілдіктер басшылары, Нидерландының ірі компаниялары мен банк жетекшілері, Бенилюкс мемлекеттерінің мәдени зиялы қауымы өкілдері мен көптеген қазақ диаспорасы мен Нидерландыда білім алу үстіндегі қазақ студенттері кешке келген қонақтар қатарында болды.
Нидерланд Корольдігі Парламенті Сенатының депутаты Ингрид ду Калувенің айтуынша, бүгінгі кеш қазақ халқының қаншалықты өнерлі екенін паш етті және ол үшін әртүрлі музыкалық жанрлардың жоғарғы деңгейде орындалуының куәгері болу үлкен мәртебе.